Басты бетТабиғи бақтар«Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи мұражай- қорық.

«Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи мұражай- қорық.

Ұлытау ұсақтөбешікті жер- Орталық Қазақстанның табиғи және тарихи- мәдени жағынан бірегей жер. Ол елдің географиялық орталығында орналасқан және қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Бұл жерде тарих пен мәдениеттің көптеген ескерткіштері, сонымен қатар «Ұлытау» тарихи- мәдени мұражай- қорығы орналасқан.



Ұлытау мемлекеттік комплекстік табиғи қорықша 19,3 мың га аумағымен, мемлекеттік орманның қор жерінде орналасқан және « Орман және жануарлар әлемін қорғайтын Ұлытау шаруашылығы» ММ күшімен қорғалады. Бұл жердің орманы аққайынның тырбық бұталары мен көктеректен тұрады, олар төмпешіктердің көлеңке жақтарында, алқаптар мен тау шатқалдарында өседі.

 

 Ұлытауда түріктілдес тайпаларың қалаушы Жошы хан мен Алаша хан кесенелері орнатылған. Бұл жерде Алтын Орданың ханы Тоқтамыш хан, атақты орда қолбасшысы Едіге әмір жерленген. Осы адамдардың аттары халық ауыз әдебиетінде мәңгілік еске қалдырылған (Алтай, Орал, Крым, солтүстік Кавказ және Өзбекстан фольклорында). Қарағанды облысының Ұлытау ауданы мәдениет тарихы мен шығыс және Еуразия халықтарының орналасу географиясына шетел саяхатшылары қызығатын Меккесіне айналған.



 Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит заманында көтерілген. Аудан аумағында 636 ескеркіш бар, оның 282 «Ұлытау» мұражайының тарихи мәдени қорына кіргізілді. Ұлытауды «көл мен бұлақтар мекені» деп атайды. Ұлытау тау бұлақтары суларының емдік қасиеттері туралы осы аймақтан алыс жерлерде де білген.