Басты бетНе көруге боладыҚарағанды облысының тарихи-мәдени ескерткіштері

Қарағанды облысының тарихи-мәдени ескерткіштері 2834945

Туристік нысан

Орналасқан жері

Сипаттама

Тарихи-мәдени нысандар

1

Қызылкент сарайының ескі орны

 

Қарқаралы ауданы, Кент таулары аумағы Кент елдімекені

Ойрат архитектурасымен салынған ескерткіш Будда храмының кешені үлгісінде салынған. Кеcенге 4 бөлімнен тұрады: 2 храм мен тұрмыстық орын және тұрғылықты үй. Негізгі храм айқыш тәрізді 1,5-2 метр биіктікте бүгінге жеткен. Әуел баста қос қабатты ғимаратты ізбес сұйықтығымен тастан қалаған. Үстіңгі қабатта өтпелі галерея мен фронтон болған. Оларды 4 баған тіреп тұрған. Биіктігі шамамен 4,5 метр болған екен. Кіші храмның қабырғаларының биіктігі шамамен 0,3 метр, өзге дуалдар биіктігі шамамен 0,8-1,0 метрді құрады.

2

Халық композиторы Мәди Бәпиұлының бейіті

Қарқаралы ауданы

Мәди бейтінің қабіртасы тастан қашалған. Онда компазитордың бейнесі бедерленген. Обелиск ұлттық айшықтармен бейнеленген. Дәл ортасында жұлдыз бен жарты айдың бейнесі бар. Барельевтің оң жағында масақ пен домбыра бейнеленген. Төменгі жағында «Мәди 1879-1921 ж.ж» деген жазу тұр. Бейіт бетон қабырғамен қоршалған. Қабырға тақтасында «Халық компазиторы Мәди Бәпиұлына Қарқаралы тұрғындарының атынан» деген жазу тұр. Күзет аумағы 15х14,4 метрді құрайды.

3

Айранбай кесенесі

Ұлытау ауданы, Алғабас елді-мекенінен 35 шақырым жерде

Айқыш бейнелі 5 күмбезді кәдімгі кесене. Ішкі жағы күйдірілген кірпіштерден шебер әрі берік болып қаланған. Ақшыл әрі қара күйген кірпіштің беті «ромб» тәріздес өрнекпен әдіптеген. Фасадтары ақшыл және күңгірт кірпішпен "тоқылған ши" әдісімен қаланған. Көлемі 9,75х8,25 м. Биіктігі 6,25 метр. Кесене Орталық Қазақстандағы ең көрнекті мәдени тарихи орындардың бірі.

4

Мақат сағанасы

Ұлытау ауданының Шеңбер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым қашықтықта

Бір камералы күмбез-порталды күйген кірпіштен қаланған көне ғимарат. Негізгі фасады түрлі қалыптағы кірпіштермен әдіптеліп, бүйірі мен артқы бөлігі әдемі әдіптелген. Конус тәріздес күмбезі дөңгелек негіздің үстінде орнатылған. Бас қасбеті «П» пішіндес белдеумен сәнделіп, ортасынан доғалы кіреберіс есік шығарылған. Сыртқы периметр көлемі 5,48х5,60м-ді құраса, ішкі периметр көлемі 3,68х3,70м. Биіктігі - 5,70м. Құрылысына көлемі 26х12х7 см болып келетін кірпіштер пайдаланылған. ХХ ғасырдағы Орталық Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіші.

5

Жошы хан кесенесі

Ұлытау ауданы, Малшыбай елді-мекенінен 28 шақырым жерде

Кесене тікбұрышты пішінді, сүйір аркасы бар портал. Композициясы бойынша екі күмбезі бар порталды-күмбезді құрылыс. Сыртқы сәнді күмбез көгілдір глазурь тақталарымен қапталған және сондай көк тақтамен қапталған он жетінші барабанда орнатылған. Ішкі жартылай сфералық күмбез шеңбер қатарлармен сұйықтыққа төселген. Қабырғалар тегіс, сыланбаған. Еденге шаршы кірпіштер төселген. Құрылысқа 30х30х6, 30х15х5., 25х25х6 өлшеміндегі кірпіштер қолданылды.Сыртқы периметр бойынша кесененің өлшемдері – 9,5х7,0м, ішкі бойынша– 5,25х5,25м. Жалпы биіктігі 8м.

6

Алаша хан кесенесі

Ұлытау ауданы, Малшыбай елді-мекенінен оңтүстік батысқа қарай 2 шақырым жерде

Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сыртқы қабырғалары төртбұрышты, ромб пен үшбұрыш тәрізді қыш қалауымен әшекейленген, ал басты қасбеті күйдірген сары сазбен безендерілген. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген. Ғимарат биіктігі 10м. Сыртқы периметр бойынша кесененің өлшемдері – 9,5х12,0м, ішкі бойынша – 6,25х6,75м

7

Болған ана кесенесі

 

Ұлытау ауданы, Талап елді-мекенінен оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде, қаракеңгір мен Сарысудың түйіскен жерінен 10 шақырым жоғары

Күмбез-порталды күйген кірпіштен қаланған көне ғимарат. Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің құйылысында, Қаражар шатқалында орналасқан. Кесененің қасбетіндегі арқалы, порталды кірер аузының айналасы куыстана қаланып, қабырғаның өрнегі ретінде жасалған. Бөлменің төменгі шаршы бөлігінің күмбез шеңберіне әтер тұсындағы бұрыштары арқалы тромпты тәсілмен өрілген. Тромп қолтықшалары қосарланган кірпішті қиғаштау бұрышын шығара қалау арқылы өрнектелғен. Ескі сылақтың қалдығы П тәрізді порталдық арканың белдеуі мен жапсырылған әшекейлі қыш тақташалардың террақота түсті болғанын көрсетеді. Порталдың ширек бұрышты бағаналары мен басқа қабырғалары түгел ақ түсті. Көрнекі жерге салынған Болған ана күмбезі алғашқы нұсқаларында өте әдемі болғанға ұқсайды. Сыртқы периметр бойынша кесененің өлшемдері – 10,75х9,25м., ішкі бойынша– 6,0х6,5м. Жалпы биіктігі 4,5м. Болған ана күмбезі -ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.

8

Домбауыл кесенесі

Ұлытау ауданы Малшыбай елді-мекенінен оңтүстік шығысқа қарай 24 шақырым жерде.

Кесене тас тақташалардан сазды ерітіндіде салынған. Ішкі бөлменің жоспары трапеция пішінді. Кіре беріс шығыс жаққа бағытталған. Конус тәрізді ғимараттың биіктігі 6м. Қабырғалардың қалыңдығы 2,5м. Жоспардағы сыртқы өлшем - 8,5х7,5м. Домбауыл кесенесі - исламға дейінгі кезеңде Қазақстандағы тастан қаланған ірі құрылыстардың бірі.

9

Кетебай күмбезі

Ұлытау ауданы Малшыбай елді-мекенінен оңтүстік шығысқа қарай 20 шақырым жерде

Порталды күмбезді тарихи ғимарат. Сағана кірпіштермен қаланып, күйген кірпіштермен әдіптелген. Сыртқы периметр бойынша кесененің өлшемдері – 12,0х12,0м., ішкі бойынша – 8,5х8,5м., Жалпы биіктігі 200м. XIX ғасырдағы ең үздік мәдени ескерткіштердің бірі.

10

Лабақ күмбезі

Ұлытау ауданы Малшыбай елді-мекенінен оңтүстік шығысқа қарай 20 шақырым жерде

Лабақ күмбезі шаршы пішінді пештақты-күмбезді құрылыс. Сыртқы ауданы 7,25х8,25 метр, биіктігі 6,45 метр. Кесене шикі кірпіштен қаланып, іші мен сырты күйдірілген кірпіштен қапталып өрілген. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге бұрыш қуыстары арқылы ұласады. Қабырғаларының дәл ортасында осындай сәндік қуыстар бар. Лабақ күмбезінің ішкі пішіні, қабырғадағы сегіз қуыс, сондай-ақ кіреберіс есік ойығы төмен қарай сәл кеңейтілген. Қуыстар мен кіреберіс есік дарбазасы доға түрінде берілген. Қасбеті өрнекті тақта кірпіштермен жиектеліп, «П» тәрізді белдеулермен әсемделген. Ернеуі кертпеш кірпішті қосарлап қалау арқылы әсемделген. Басқа үш қасбетінің де пештаққа ұқсас әшекейлі жиегі, сондай-ақ «шырша» тәрізді көлбеу қаланған сәндік өзгешелігі бар. Лабақ күмбезінің бұрыштары шығыңқы етіп, екі қатар кірпіштен қаланған. Ғимарат XIX ғасырдағы Қазақстандағы ең үздік мәдени ескерткіштердің бірі.

11

Көне Басқамыр қаласы

Ұлытау ауданы Талдысай елді-мекенінен оңтүстік шығысқа қарай 0,5 шақырым жерде

Қаланың орны шаршы. Қабырғаларының ұзындығы 80 метрге жақын. Ортасында трапеция пішіндес (25 х 27м-с) цитаделі бар. Қаланың сырты да, цитаделі де ормен және одан шыққан жал топырақпен қоршалған. Сыртқы жалдың ені 5—7 м, биіктігі 1,4 м. Цитадельдің жалының жалпақтығы 12 м, биіктігі 2,3 м. Қаланың ішкі солтүстік бұрышында арық бойымен келетін ауыз су сақталатын шұңқыр бар. Қаланың ауданы 310 м² бөлігінде қазба жұмысы жүргізілді. Цитадельдің ішкі қабырғаларына жапсарлас салынған 7 бөлменің орны ашылды. Едендері балшықпен сыланған. Ішінде диаметрі 0,5—0,9 м, тереңдігі 0,3 м ашық ошақтармен қатар күйдірілген кірпіштен қаланған пеш кездесті. Цитадель бұрышында биіктігі 2,3 м мұнара қалдықтары сақталған. Ішінен қыштың сынықтарынан басқа тас, ағаш және металдан (темір, мыс, қола) жасалған бұйымдар көп табылды. Әсіресе, мыстан құйылған (ұзындығ 10 см) “ескек” тәрізді құлақ шұқығыш, темір пышақтар мен жебе ұштары, қорамса ілгіштің алар орны ерекше. Басқамыр қаласынан табылған қыштардың құрамы Аяққамыр қаласының қышының құрамына ұқсас. Мұның бәрі ортағасырларда Орталық Қазақстанды мекендеген оғыз-бесене тайпалары мәдениетінің айқын көрінісі. Зерттеулер мен заттай деректер Басқамыр қаласының 8—11 ғасырларда болғанын дәлелдейді.

12

Аяқ-Қамыр (Бала-хан, Темір-Құтлұқ) кесенесі

Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік батысына қарай 9 шақырым жерде

Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады.

13

Дүзен кесенесі Шебер Сералы Еманұлы

Ұлытау ауданы Малшыбай елдіменкенінен батысқа қарай 30 шақырым жерде

 

Дүзен Кесенесінің негізгі көлемі күрделі пештақты-күмбезді текшеленген құрылыс болып есептеледі. Ғимараттың бүрмеленген күмбезі он қырлы мойындықпен көтерілген. Ал іргесінің сыртқы өлшемі 8,5х10,2 м, ішкі өлшемі 5,4х5,4 м. Кірпіштері (26x26x6 см) қалың майбалшық ерітіндісімен өрілген. Пештақтың жалпы биіктігі 10 м. Бас қасбетінде есік ойығы (1,70х0,77 м) алдында беларқалы қуысы бар. Оның айналасы үш жолақты жақтаумен қоршалған. Ортадағы жолақ шаршы өрнектеліп ойылған тақтайша кірпішпен әрленген. Ал қалған 3 қасбетінің қабырғасы “ромб” пішінді қалаумен өрілген. Қасбеттерінің жоғары жиектерінде биіктігі 60 см дөдегесі бар. Дөдегенің шаршы қалыпты тақтайшалары сегіз қырлы жұлдызбен оюланып, үстінен көк түсті жыланкөз шыңылтырмен көмкерілген. Дөдегеден жоғарғы екі қатар қалауы тіс тәрізді әдіспен өріліп, ең шетін бұғат жиектеп шыққан. Ғимараттың оңтүстік-батыс жағындағы ішкі бұрышта төбеге шығатын сатысы бар. Ол тар галерея (1,8х1,6 м) тәрізді қабырғаларды айнала бойлап барып, пештақтың үстіндегі шағын алаңға және әрі төбежабынның үстіне шығарады. Дүзен Кесенесінің еденіне шаршы тақта кірпіш төселінген. Бүрмелі күмбездің ұшар басында бір-бірімен қиылыса орнатылған ағаш діңгектері бар.

14

Беғазы қорымы

Ақтоғай ауданы. Ақтоғай кеңшарынан оңтүстік шығысқа қарай 40 шақырым жерде. Беғазы елдімекенінің батысына қарай 1 шақырым.

Құрылым мен параметрлері: Көне кешенде 50-ге тарта қоршалған дуалдар, 6 тасты сағаналар, 11 қорған, бұлардың барлығы да анронов мәдениетінің көне жәдігерлері. Өтпелі кезең бейіттері өңделген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішімді жалпақ гранит тастарды қырынан, жоғ. жағын ортаға қарай еңкейте көміп, құрастырылған қоршаулар түрінде болады.

15

Жұбан ана кесенесі

 

Жаңарқа ауданы «Жезқазған – Қарағанды» теміржолы, 168 разъезінен 4 шақырым жерде.

Кесене бір камералы күмбезді құрылыс, жоспарда шаршы пішінді болып келеді. Кіре беріс есік шошақ аркалы және оңтүстік шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі көтергіш құрылымдары күйдірілген және дымқыл кірпіштерден жасалған және үш қабатты жүйе болып табылады. Құрылыс сазды ерітіндіде жүргізілді. Кесененің өлшемдері жоспарда 6х5,8м, күмбездің төбесіне дейінгі биіктік 5,5м, кесененің көлемі 190м3.

16

Айшырақ қорымы

Жаңарқа ауданы Ақтау елді мекенінен 20 шақырым жерде

Қорым гранит тастардан құралған 102 қоршау мен 9 қоршаулы обадан тұрады. Қоршаулар шеңбер, дөңгелек, төртбұрыш, шаршы түрінде, кейде бір-бірімен қиюласа салынған. Диаметрі 3,3 ден 7,1м-ге дейін. Қоршау диаметрі 7.2м ден 9,6м-ге дейін. Ұзындығы 3-4,2м, ені 0,7-0,9м.

17

Құнанбай Өскенбайұлының мешіті

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы кенті, Құнанбай қажы көшесі 23

Құнанбай Өскенбайұлының мешіт ғимараты 1849-1853 жылдары салынған болатын. Қос қабатты мешіт ағаштан қаланған. Ені 15, ұзындығы 11м, ұзындығы 6 метрді құрайды. Алғашқы беті сақталмаған. Қасында кірпіштен қаланған қосымша ғимараттар бой көтерген.

18

Абайдың үйі

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы кенті Сеңкібай би көшесі 35-үй.

1850 жылы Абай келген бір қабатты ғимарат. Негізгі фасады Құнанбай көшесіне қарайды. Негізгі кіреберісі Т.Әубәіров көшесі жағында. Ғимарат ағаштан қаланып көмкерілген. Негізі фасад қабырғасында ескерткіш тақтасы орналасқан. Ғимарат биіктігі 5 метрді құрайды.

19

Шешенқара қорымы

Бұқар жырау ауданы

Шешенқара қорымы Нұра өзенінің оң жақ жағалауында орын алған. Бұл Шешенқара тауының солтүстік шығысында. Қорым үш негізгі қорғаннан тұрады.

№1 Қорған – диаметрі 10 м, биіктігі 0,5 м.
№2 Қорған – диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
Курган №3 – диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м.

Сырт тұрпатына қарағанда бұл қорғандар байырғы көшпенділер дәуіріне тән.

20

Талдыбейіт моласы

Ақтоғай ауданы, Сарытерек елді-мекенінен 12 шақырым жерде.

Саман кірпіштерден қаланған. Қабырғасының қалыңдығы 0,5.. Есігі оңтүстікке қарап тұр. Ғимарат ұзындығы 2,2 м.