Осакаров ауданының туризмі 122254
Торапхана Бөлім атауы |
Ғаламтор ресурстарына орналасатын индикаторлардың жалпы сипаттамасы |
Аудан жайлы жалпы ақпарат: |
Осакаров ауданы 1940 жылы құрылған. Жалпы территориялық аумағы 11,2 мың шаршы метрді құрайды (Бұл облыс аумағының 2,6 пайызы). Аудан орталығы Осакаровка елдімекенінде орналасқан. Былтырғы жылдың бірінші қаңтарындағы санақта аудан жұртшылығының саны 34,616 мың адам болып тіркелді. Ауданда 24 әкімшілік орны мен 50 ауылдық пунктер бар. Ауылшаруашылық өнімдерді өндіру бойынша облыс бойынша алдыңғы қатарда. |
Мәдени ескерткіштер: |
Сонымен қатар, ауданда 96 архелогиялық ескерткіштер бар. Олардың көбісі Батпақты, Николаевск, Қарағайлы, Тельман, Сұңқар елдімекендерінде орналасқан. Репрессияға ұшырағандар мен соғыс тұтқындарының көмілген жері Пионерск пен есіл елдімекендерінен көруге болады. Осыған орай «Саяси реперессия құрбандарына арналған ескерткіш» қойылды. Дәл осы жерге жыл сайын «Сталиндік репрессия құрбандарын» еске алу мақсатында өзге өңірлерден делегация келіп тұрады. 2012 жылдың маусымында «Осакаров ауданының тарих өлкетану мұражайы» ашылды. |
Негізгі бағыттар: |
Туризмнің дамуындағы негізгі бағыттары болып жағалау туризмі, спорттық (жаяу жүру) және мәдени танымдық жәдігерлер болып табылады. Жағалау туризмінің дамуын аудан аумағынағы Есіл, Нұра өзендері мен «Ертіс-Қарағанды» каналының өтуімен тікелей байланысты. «Бұйратау» ұлттық табиғи қорығының жұмыс жоспарына сәйкес келешекте бұл арада 2 туристік бағыт жолға қойылмақшы. |
Туристические организации: |
В поселке Осакаровка функционирует гостиничный комплекс «Караван сарай», «Ырыс», «Балхаш», «Мингитау» которыми было обслужено в 2011 году 6893 человека. Единовременная вместимость комплексов составляет 67 койко-мест. В районе функционируют 26 объектов общественного питания. На территории Осакаровского района вдоль трассы «Алматы – Астана –Екатеринбург» и «Караганда – Павлодар» работают 11 объектов придорожного бизнеса: в том числе: 1 кемпинг (всего-18 койко- мест), 11 объектов по оказанию услуг общественного питания. |
Туристік мекемелер мен ұйымдар: |
Осакаровка елді-мекенінде 2011 жылы 6893 мейманды жайғастырған «Керуен сарай», «Ырыс», «Балқаш», «Мингитау» мейманхана кешендері бар. Яғни мұнда бір уақытта 67 адам келіп мейман бола алады. Сонымен қатар ауданда 26 қоғамдық ауқаттану орындары қызмет атқарады. «Алматы – Астана – Екатеринбург», «Қарағанды – Павлодар» тас жолдарының бойында жол бизнесінің 11 нысаны, оның ішінде (18 орындық) 1 кемпинк жұмыс жасайды. Қалған нысандар қоғамдық ауқаттану орындарына жатады. |
Қажетті ақпараттар: |
«Осакаров ауданының тарихи өлкетану мұражайы» КМҚК |
Пайдалы сілтемелер: |
«Осакаров ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ сайтынан алынды. |